НАТО жаттығуында Түркияны нысанаға алған үлкен скандал

НАТО жаттығуы кезінде дұшпан күштердің басшылары арасына Мұстафа Кемал Ататүріктің фотосуреті қойылды.

850602
НАТО жаттығуында Түркияны нысанаға алған үлкен скандал

Бас Штаб Басқармасы НАТО әскери жаттығуындағы скандалдың қабылданбайтынына назар аударды.

Бас Штаб Басқармасынан жасалған мәлімдемеде Норвегиядағы НАТО ортақ соғыс орталығында «TRIDENT JAVELIN» атты НАТО әскери жаттығуының соңғы сатысындағы оқиғаларға назар аударылды.

Жаттығудың "дұшпан күштері" мемлекет басшылары фотосуреттерінің арасына Түркия мемлекетінің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің фотосуретінің қойылғаны, жаттығу туралы мазмұндамаға болса президент Режеп Тайып Ердоған атынан ашылған жасанды бір парақша арқылы «дұшпан күштердің» басшыларын жақтайтын негізсіз сөйлемдерге орын берілгенін еске алды.

Мәлімдемеде тақырыптың НАТО әскери мекемелері алдында жазбаша және ауызша протест етілгені де атап көрсетілді.

Сондай-ақ жаттығуға қатысқан Түрік қарулы күштері қызметкерлерінің жаттығудан кері шегінгені білдірілді.

Мәлімдемеде НАТО мекемелерінің оқиғаның артынан өкініштерін тілге тиек етіп, бұл жағдайдың қабылданбағаны, жазбаша және ауызша түрде кешірім сұрағандары да атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар