Челик НАТО скандалы жөнінде мәлімдеме жасады

Челик «Оқиғаның жүзеге асырылу әдісі FETÖ-нің жасаған әдісіне өте ұқсайды» деді.

850682
Челик НАТО скандалы жөнінде мәлімдеме жасады

Челик «Оқиғаның жүзеге асырылу әдісі FETÖ-нің жасаған әдісіне өте ұқсайды» деді.

Одағы министрі Өмер Челик НАТО әскери жаттығуындағы «Ататүрік және Ердоған дұшпандығы» скандалына байланысты «Оқиғаның жүзеге асырылу әдісі FETÖ-нің жасаған әдісіне өте ұқсайды» деді.

Челик Канадада ұйымдастырылған 9-шы Halifax халықаралық қауіпсіздік форумының соңғы күнінде журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Сәтті өткен форумда АҚШ-пен қарым-қатынастар, босқын мәселесі Жібек жолы сынды тақырыптардың күн тәртіпке келгенін баяндаған Челик «Ислам және террор мәселесі тілге тиек болғанда бұл сөздің қолданылмауы керектігі, террордың әрқандай бір дінмен, Исламмен салыстырмауы жөнінде көптеген көзқарастар ортаға қойылды. Бұл әрине жақсы жағдай» деді.

Челик форум барысындағы НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті. Челик кездесуде Столтенбергтің НАТО әскер жаттығуындағы «Ататүрік және Ердоған дұшпандығы» скандалына байланысты талай рет кешірім сұрағанын, мұндай бір скандалдың қабылдауға болмайтынын білдіргенін айтты.

Өзінің болса мұндай құрметсіздікті ешқашан қабылдамайтыны және кешірмейтіні жөнінде жауап бергеніне назар аударған Челик «Оқиғаны жасаған қызметкерді жазаландыру керек» деді.

«Бұның бір басшысы жоқ па?» деген сұраққа орай Челик бұлардың тексерілуі керектігін айтты.

Челик мұндай оқиғаның тағы бір рет қайталанбауы үшін оқиғаның қадағалаушысы болатынын баяндады.

Скандалдың жүзеге асырылу түрінің FETÖ-нің жасаған әдісіне өте ұқсайтынын түсіндірген Челик «Түркияға зиян тигізу үшін барлық күшін жұмсауда» деді. 


Этикеттер: #НАТО , #Ататүрік , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар