Түркия АҚШ-қа нота берді

Түркия АҚШ-қа ирандық іскер Рыза Саррафтың жағдайына байланысты нота берді.

848496
Түркия АҚШ-қа нота берді

Түркия Америка Құрама Штаттарына ирандық іскер Рыза Саррафтың жағдайына байланысты нота берді.

Дипломатиялық қайнар көздерден алынған мағлұматқа қарағанда Түркия Америка Құрама Штаттарында сотталатын іскер Рыза Саррафтың жағдайына байланысты Вашингтон әкімшілігіне нота берді.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Түркияның Вашингтон өкілетті елшілігінің Рыза Сарраф жөнінде АҚШ органдарынан ресми құжат талап еткенін, алайда әлі бір жауап алынбағанын білдірді.

Мәлімдемеде «Рыза Сарраф жөнінде баспасөзде шыққан хабарларға байланысты Вашингтон өкілетті елшілігіміз тарапынан АҚШ органдарынан ресми құжат талап етілді, бірақ әлі бір жауап ала алмады. Мәселе қадағалануда» деген сөздер орын алды. 



Ұқсас жаңалықтар