Сирия жиналыстарына террорлық топтар шақырылмауы керек

Сыртқы істер министрі Сирия жиналыстарына кезкелген бір террор ұйымының шақырылмау керектігін атап көрсетті.

846981
Сирия жиналыстарына террорлық топтар шақырылмауы керек

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирия жиналыстарына кезкелген бір террор ұйымының шақырылмау керектігін атап көрсетті.

Ресейдің Сочи қаласында баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасаған Чавушоғлу Сирияда саяси шешіммен байланысты өткізілетін бір конгреспен байланысты Ресейдің Қазақстанның бас қаласы Астанадағы келіссөздерде бір ұсыныс жасағанын атап көрсетті.

Түркия, Иран және Ресей арасындағы бұл тақырыптың талқыланғанын атап айтқан Чавушоғлу «Сирияға қатысты ұйымдастырылатын конгрестерге наразылығымыз жоқ, дегенмен бұл конгрестердің мазмұны маңызды болып табылады. Конгрестерге кезкелген террористік бір топ шақырылмауға тиісті» деді.

PKK/PYD-нің террор ұйымы екенін атап көрсеткен Чавушоғлу «PYD, YPG және PKK арасында ешбір айырмашылық болмағанын Ракка операциясында көрдік. ПКК басшысы Өджаланның фотосуреттерімен суретке түсті. Сириядағы нағыз оппозицияның құрамында террор ұйымының орын алмауы керек. PKK/PYD, күрдтер атынан жаппай өкілдік жасамайды. Тек қана идеологиялық бір азсанды топ. Басқа да күрд топтары бар және біз бұл тізімді Ресеймен бөлістік. YPG, 500 мың сириялық күрдті үйінен, ауылынан кетуге мәжбүрледі. Осы себепті бұл топтың террор ұйымы екеніне күдік жоқ. Бұл террор ұйымын кім тарапынан қолданылғаны да бізге мәлім» деді.



Ұқсас жаңалықтар