Йылдырым АҚШ-та мәлімдеме жасады

Йылдырым батыстың Түркияның күткен талаптарын қамтамасыз ететін қадам баспағанын айтты.

845975
Йылдырым АҚШ-та мәлімдеме жасады

Премьер-министр Бинали Йылдырым Ресейден алынатын S-400 зымыран жүйелерінің Түркия үшін бір таңдау емес, мәжбүрлік екенін айтты.

Америка Құрама Штаттары сапары барысында мәлімдеме жасаған Бинали Йылдырым батыстың Түркияның күткен талаптарын қамтамасыз ететін қадам баспағанына тоқталды.

Йылдырым «S-400 зымыран жүйелері бір таңдау емес, мәжбүрліктен туындады.  Біз Америка Құрама Штаттарымен де осы қорғаныс ынтымақтастығын дамытқымыз келді. Сонымен қатар Еуропа Одағы, НАТО елдерімен де осы қарым-қатынастарды күшейткіміз келді. Өкінішке орай олардан  күткенімізді қамтамасыз ететін бір ұсыныс келмеді» деген сөздер қолданды.

Қытаймен де кездесу өткізгендерін, аяғында Ресеймен келісім жасағандарын еске салған Йылдырым осы келісімнің Түркияның НАТО-дағы рөліне және Одақтаспен ынтымақтастарына қайшы емес екенін түсіндірді. 


Этикеттер: #АҚШ , #Ресей , #НАТО

Ұқсас жаңалықтар