Президент Ердоған 10 қараша күніне орай жолдама жасады

Президент Ердоған Гази Мұстафа Кемалдың дүниеден озуының 79-шы жылдығына орай жазбаша жолдама жариялады.

844224
Президент Ердоған 10 қараша күніне орай жолдама жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Гази Мұстафа Кемалды тарихта із қалдырған бір қолбасшы және басшы қылған ең үлкен ерекшелігінің халқына деген шексіз сенім екенін атап көрсетті.

Ердоған Гази Мұстафа Кемалдың дүниеден озуының 79-шы жылдығына орай жазбаша жолдама жариялады.

Ататүріктің дүниеге көз жұмған 10 қарашаға орай жарияланған жолдамада Ердоған «Республикамыздың құрушысы Гази Мұстафа Кемалды арғы дүниеге аттануының 79-шы жылдығында құрметпен еске аламын. Гази Мұстафа Кемал басшылық жасаған ұлтазаттық күресіміз, қол жеткізген теңдесі жоқ жеңістер мен ұлтымызды ортақ бір арман төңірегінде біріктіріп құрған республикамыз бен бүкіл әлемде мақтанышқа ие болған батыр бір әскер құрметті бір басшы болып табылады» делінді.

Ердоған «Қасиетті ұлтымыз Гази Мұстафа Кемал басшылығында 1919 жылы басталып, 1923 жылы Республика құрып жеңіске жеткен үлкен күресте біздерді отансыз қалдырғылары келгендерге қанымен, жан-тәнімен жүрегімен қарсы шықты. Ұлтазаттық күресімізде отанын және байрағын батылдықпен қорғаған, барлық қиыншылықтарға қарамастан келешегі мен билігіне ие шыққан қасиетті халқымыз қазірде ұлтымызға бағытталған барлық шабуылдарға тойтарыс беретін қайрат пен табандылыққа ие» деді.

Ердоған жолдамасын «Бұл ойлармен дүниеден озуының 79-шы жылдығында республикамыздың құрушысы Гази Мұстафа Кемал және достары мен азаматымыз үшін пидақорлық жасаған ардагерлер мен шәйіттерді тағы бір рет еске аламын. Алладан рақымшылық тілеймін» деп аяқтады.



Ұқсас жаңалықтар