Премьер-министр Бинали Йылдырым АҚШ-та

Премьер-министр Бинали Йылдырым АҚШ-пен ынтымақтастықта болашаққа назар аудару керектігін атап көрсетті.

843990
Премьер-министр Бинали Йылдырым АҚШ-та

Бинали Йылдырым АҚШ сапары аясында бас қала Вашингтонда азанғы уақытта қыдыруға шығып, журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Бұл елдегі байланыстары аясында қай тақырыптардың күн тәртібіне келетіні жайлы мағлұмат берген Йылдырым «АҚШ-пен ынтымақтастығымыздың керемет бір сатыда екенін айту мүмкін емес. Маңызды мәселелер бар. Бұл мәселелердің енді артта қалдырылып, болашаққа назар аудару жайлы ойларымызды жеткіземіз. Сондай-ақ аймақтық тақырыптарда қолға алынатын мәселелер бар» деді.

Сирия мен Ирактағы оқиғалардың да қолға алынатын атап көрсеткен Йылдырым «АҚШ-тың әсіресе ДАИШ-пен күрестегі саясаты мен ұстанымына наразылықтарымызды тілге тиек етеміз. Сондай-ақ 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің жауапкері Фетуллахшы террор ұйымы басшысының соттау және ұстап беру кезеңінің басталуы сияқты тақырыптарда күн тәртібімізде» деді.



Ұқсас жаңалықтар