Йылдырым  АҚШ мұсылмандарына үн қатты

Йылдырым АҚШ сапары аясында Түрік-Американ Мәдениет және өркениет орталығы мешіті комплексін аралады.

844213
Йылдырым  АҚШ мұсылмандарына үн қатты

Премьер-министр Бинали Йылдырым 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін жасаған Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) басқа террор ұйымы болған ДАИШ-тен айырмашылығы жоқ екенін атап көрсетті.

Йылдырым АҚШ сапары аясында Дін істері басқармасы тарапынан салынған Түрік-Американ Мәдениет және өркениет орталығы мешіті комплексін аралады.

Мэриленд штатында президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан 2016 жылы 2 сәуір күні ашылған Түрік-Американ Мәдениет және өркениет орталығы мешіті комплексі аралаған Йылдырым мұсылман қоғамына үн қатты.

Өткен жылы FETÖ-нің қанды бір төңкеріс әрекеті жасағанын еске салған Йылдырым «Армиямыз бен мемлекеттік мекемелерімізге дендеп енген сатқындар 250 азаматымызды аяусыз қырды. 2 мың 193 азаматымызды да жаралады» деді.

Өткен 1,5 жылдан бері заң аясында бұл қанды террор ұйымының құпия құрылымдарын әшкерелеу жұмыстарын жалғастырғандарын атап көрсеткен Йылдырым «FETÖ басшысы, бір дін адамы емес, қолына қан жұққан террорист. ДАИШ пен FETÖ арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Екеуі де діннің киелі құндылықтарын таптаған. Екеуі де мұсылмандарды қырады» деді.

Түркияның достары ретінде АҚШ-тағы мұсылман қоғамынан FETÖ-ге қарасты мектептер мен мәдениет орталықтарынан аулақ жүру тақырыбын тілге тиек еткен Йылдырым «FETÖ жақтастарын қатарыңызға қоспаңдар. Бұл адамдардың сіздерді де алдауына рұқсат бермеңдер» деді.



Ұқсас жаңалықтар