Премьер-министр АҚШ-тағы кездесулерін бастады

Бинали Йылдырым сенатор Боб Кукермен бас қосты

842974
Премьер-министр АҚШ-тағы кездесулерін бастады

Америка Құрама Штаттарында кездесулерін бастаған ТР премьер-министрі Бинали Йылдырым Республикашылардың беделді тұлғасы, сенатор Боб Кукермен бас қосты.

Премьер-министр Йылдырымның кездесуі бір сағаттан көп жалғасты.

Кездесуге сонымен бірге Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак, Түркияның АҚШ-тағы өкілетті елшісі Сердар Кылыч, Премьер-министрлік Сыртқы саясат бас кеңесшісі Керим Урас пен премьер-министрлік кеңесшісі Ихсан Дурду қатысты.

Республикашылардың беделді тұлғасы Кукер «Екі ел арасындағы ауқымды тақырыптарды қолға алдық. Шешуіміз керек көптеген мәселе бар.  Екі ел арасындағы проблемаларды шешу үшін уақыт керек.  Түркия тамаша ел,  соңғы жылдары көп жетістікке жетті. Мен де Түркияға бардым. Түркия әсіресе сириялық босқындар үшін көп нәрсе атқарды» деді.



Ұқсас жаңалықтар