Ванның Чалдыран ауданында 1 аға лейтенант шәйіт болды

ПКК-лық террористтерге бағытталған операцияда Аудандық Жандармерия Арнайы жасақтар қолбасшысы уәкілі аға лейтенант Мехмет Сакаллы шәйіт болды

842420
Ванның Чалдыран ауданында 1 аға лейтенант шәйіт болды

Ванның Чалдыран ауданында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК мүшесі террористтерге бағыталған операция кезінде ауыр жарақат алған Аудандық Жандармерия Арнайы жасақтар қолбасшысы уәкілі аға лейтенант Мехмет Сакаллы шәйіт болды.

Губернаторлық жасаған мәлімдемеде Чалдыран ауданы Харабекарбон аймағында кеше жергілікті уақытпен сағат 19:00-да Аудандық Жандармерия қолбасшылығы топтары тарапынан жасалған операция кезінде аймаққа кіруге әрекет жасаған ПКК-лық террористтер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс шықты.

Қақтығыс кезінде ауыр жарақат алған және ауруханаға жеткізілген аға лейтенант шәйіт болды.

Мәлімдемеде сондай-ақ террор ұйымына қарсы басталған операцияның жалғасқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар