Премьер-министр Бинали Йылдырым АҚШ-қа аттанып кетті

Премьер-министр Йылдырым АҚШ-қа аттанбастан бұрын Анкарада баспасөз брифингін берді.

842472
Премьер-министр Бинали Йылдырым АҚШ-қа аттанып кетті

Йылдырым: «АҚШ-қа кепілдеме беру немесе олардың бізден кепілдеме сұрауы секілді келіссөз құқық мемлекеті принцибіне жатпайды» деді.

Премьер-министр Йылдырым АҚШ-қа аттанбастан бұрын Анкарада баспасөз брифингін берді. Ол АҚШ сапары жөнінде мәлімет берді.

Йылдырым кездесулерде Сирия,  Ирак проблемалары,  Фетуллахшы террор ұйымымен күрес және Түркияның АҚШ-тан күтетіндері,  бөлшектеуші террор ұйымы PKK және ДАИШ-пен күрес тақырыптарды қолға алатынын айтты.

Премьер-министр АҚШ тарапынан виза қызметінің ішінара берілуіне байланысты да «АҚШ елшілігінің хабарламасына орай түрік елшілігі де осыған ұқсас хабарлама жариялады. Барлығы ашық нәрсе, түсініктеме қажет емес» деді.

Йылдырым: «Екі ел арасында кейбір тұтқындау істері бар. Екі ел құқық мемлекеті қағидасына орай істерін атқарады.  Сондықтан АҚШ-қа кепілдеме беру немесе олардың бізге кепілдеме беру секілді келіссөз құқық мемлекеті принциптеріне жатпайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар