Ванда 1 әскер шәйіт болды

Ванның Башкале ауданында террористтермен шыққан қақтығыста 1 әскер шәйіт болды, 2 әскер жеңіл жарақат алды.

832136
Ванда 1 әскер шәйіт болды

Ванның Башкале ауданында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-лық террористтер мен қауіпсіздік күштері арасында шыққан қақтығыста 1 әскер шәйіт болды, 2 әскер жеңіл жарақат алды.

Губернаторлықтан жасалған мәлімдемеде ауданның «Эсенямач аумағы ауылдық аймағында қалалық жандармерия қолбасшылығы тарапынан жүргізілген операцияның артынан террористтермен шыққан қақтығыста 1 әскердің шәйіт болғаны, 2 әскердің жеңіл жарақат алғаны анықталды» делінді.

Мәлімдемеде аталмыш қақтығыста 3 террористтің де өлтірілгені білдірілді.

Аймақта халықтың тыныштық пен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған террормен күресте операциялардың тұрақтылықпен жалғасқанына назар аударылып, «Операцияда Канас типі мерген автоматы, AK-47 автоматы, тапанша, 3 граната, шағын компьютер, ұялы телефон, фотоаппарат, жеңіл аккумулятор және карталар қолға түсірілді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар