Ирактың солтүстігіне операция

5 террорист залалсыздандырылды.

829136
Ирактың солтүстігіне операция

Түрік Әуе күштеріне қарасты бомбалаушы ұшақтар Ирактың Зап аймағына әуеден операция жүргізді.  Операцияда 5 террорист залалсыздандырылды.

Штаб-пәтерден жасалған хабарламаға қарағанда,  Ирактың солтүстігіндегі Зап аймағына әуеден операция жалғасуда.

Операция жасақтарына шабуыл жасауға дайындалған бөлшектеуші террор ұйымының қарулы бес террористі залалсыздандырылды.  Операция барысында барлау құралдарымен анықталған террористердің қарулары да жойылды.

Міндеттерін табыспен аяқтаған ұшақтар базаларына аман-есен оралды.



Ұқсас жаңалықтар