Түркия мен АҚШ арасындағы виза дағдарысы шешіледі

Шимшек Түркия мен АҚШ арасында болған виза дағдарысының уақытша екенін білдірді.

825532
Түркия мен АҚШ арасындағы виза дағдарысы шешіледі

Шимшек Түркия мен АҚШ арасында болған виза дағдарысының уақытша екенін білдірді.

Премьер-министр орынбасары Мехмет Шимшек Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасында болған виза дағдарысының уақытша екенін білдірді.

Мехмет Шимшек Экономикаға жауапты премьер-министр орынбасары Мехмет Шимшек 11-15 қазан күндері аралығында Америка Құрама Штаттарында өткізілетін Халықаралық Валюта Қоры және Әлем банк жиналысына қатысу үшін Вашингтонға барды. Шимшек алдымен Америка сауда одағында Түрік Мұра Қорының сессиясында сөз сөйледі.

Түркияның экономикада көптеген реформа жасағанын және әлемнің ең үлкен 13-ші экономикасы болғанын айтқан Шемшек Түркия мен АҚШ арасындағы виза дағдарысына да тоқталып «Түркия егемен және намысты бір ел болып табылады. Американың виза шешіміне әрине бірдей деңгейде тойтарыс берілді» деді.

Америка Құрама Штаттары мен барлық дос елдерден шынайылық күткендерін баяндаған Мехмет Шимшек диалог және түсініктің шарт екенін атап өтті.

Америка Құрама Штаттар мен Түркияның көптеген тақырыпта бір-біріне мұқтаж екенін түсіндірген премьер-министрі байланыс каналдарының ашық болуы керектігін айтты.

Мехмет Шимшек виза дағдарысының таяуда шешілуін күткендерін де білдірді.

        

 


Этикеттер: #АҚШ , #Вашингтон , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар