Ердоған Украинаға аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Украинаға аттанды.

823212
Ердоған Украинаға аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Украинаға аттанды.

Ердоған Украина Президенті Петр Порошенкомен бірге Түркия-Украина Жоғарғы Деңгейдегі Стратегиялық Комиссиясының алтыншы жиналысына қатысады.

Саяси мен экономикалық қарым-қатынастар қолға алынатын жиналыстан кейін болашаққа бағытталған әрекет жоспары хаттамасы жарияланады және кейбір келісімдер жасалады.

Қатысты министрлердің де орын алатын кездесулерде саяси, экономика, қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы сынды саналардағы қарым-қатынастар қолға алынады. Сонымен қатар соңғы кезеңде артқан мәдениет және білім беру саласындағы ынтымақтастар да үстелде талқыланады.

Кездесулерде туризм мен энергия саласындағы қарым-қатынастары да  егжей-тегжейлі түрде қолға алынады.

Президент Ердоғанның Украина сапарына премьер-министрі орынбасары Фикри Ышык, Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ, Энергия және табиғи байлықтары министрі Берат Албайрак, Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик, Қоршаған орта және қала құрылысы министрі Мехмет Өзхасеки, Экономика министрі Нихат Зейбекчи, Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан, Орман және су ресурстары министрі Вейсел Ероғлұ, Азық-түлік және ауыл шаруашылық министрі Ахмет Ешреф Факыбаба және Бас штаб басқармасы төрағасы Хулуси Акар да қатысты.



Ұқсас жаңалықтар