Ердоған зиялы қауым өкілдерімен бас қосты

Ердоған зымияндық  сценарийдің алдындағы ең үлкен кедергінің Түркия екенін айтты.

821282
Ердоған зиялы қауым өкілдерімен бас қосты

Ердоған зымияндық  сценарийдің алдындағы ең үлкен кедергінің Түркия екенін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Анадолы зиялы қауым өкілдерімен президенттік сарайында бас қосты. Жиналыста Ердоған күн тәртіпке байланысты мәселелер жөнінде мәлімдеме жасады.

Түркияның қазір қиын кезеңде екеніне назар аударған Ердоған «Түрлі ойындардың ойналған және карталардың қайтадан сызуға тырысқан бір кезеңдеміз. Өткен ғасырда болғандай осы кезеңнің ұраны да «Бөл, ыдырат, басқар, жалмап ал». Жаһандық бодандық күштердің талай жылдан бері қол жеткізген немесе табысты болған осы әдісі тағы бір мәрте аймағымызда жоспарланды» деді.

Ердоған аймағымызға бағытталған осы сценарийдің алдындағы ең үлкен кедергінің күдіксіз Түркия екенін айтты.

Түркияның аймақта ойналған ойындарды бұзатынын түсіндірген Ердоған «Сирияда және Иракта ойналған бөл, ыдырат және этникалық топтар мен  мәсхабтарды айтақтау ойындарының мақсаты Түркияны оңтүстіктен қоршап алу болып табылады. Біз бұл ойындарды бұзамыз» деді.

Ирак күрд аймақтық әкімшілігіндегі 25 қыркүйекте өткізілген заңсыз референдумге де тоқталған Ердоған «Бір тарапында Иран, солтүстігінде Түркия, оңтүстігінде Ирак әкімшілігі, батысында Сирия. Мұндай жағдайда қайда барасың?» деді.

Президент Ердоған аймақтың және Түркияның қауіпсіздігін бұзуға рұқсат бермейтінін айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар