Путин келеді

Ресей президенті Владимир Путин жұмыс сапармен бүгін Түркияға келеді.

815937
Путин келеді

Ресей президенті Владимир Путин жұмыс сапармен бүгін Түркияға келеді.

Владимир Путин бас қала Анкарада президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі.

Путиннің сапары барысында Ресей, Түркия және Иран бірігіп Сирияда қалыптастырған қақтығыссыз аймақтардағы соңғы жағдай қолға алынады. Осындағы ең маңызды тақырып Алепподан қашқан азаматтар паналаған Идлиб болады.

Кездесуде Ирактың солтүстігінде дүйсенбі күні болған заңсыз референдум да күн тәртібіне келеді. Осы референдумға қарсы екенін Ресей де білдірген болатын.

 Түркияның Ресейден алатын S-400 зымыран жүйесі, орыс газын Түркия арқылы Еуропаға айдайтын Түрік ағыны мен Аккую атом стансасы жобалары да   талқыланатын маңызды тақырыптар арасында.



Ұқсас жаңалықтар