Түркия Иракқа әртүрлі қолдау береді

Чавушоғлұ Ирактан келетін талаптарды талқылап әртүрлі қолдау беретінін айтты.

814824
Түркия Иракқа әртүрлі қолдау береді

Чавушоғлұ Ирактан келетін талаптарды талқылап әртүрлі қолдау беретінін айтты.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ кеше Ирак күрд аймақтық әкімшілігінде ұйымдастырылған заңсыз тәуелсіздік референдумімен байланысты Ирактан келетін талаптарды талқылап әртүрлі қолдау беретінін айтты.

 Чавушоғлұ жеке теледидар каналында жасаған мәлімдемесінде барша әлем қарсы шыққан кезде Ирак күрд аймақтық әкімшілігі лидері Барзанидің референдумде қасарысу болғанын түсіндіріп, Барзанидің басты қайғысының өз тағынан айырылуынан қорыққанын білдірді.

Чавушоғлұ «Барзаны өз тағын қорғау үшін күрдтердің болашағын қауіпке итермеледі» деді.

«Ирактан келетін талаптарды талқылаймыз және әртүрлі қолдау береміз» деген Чавушоғлұ ортақ операция да қамтылған барлық нәрсенің үстелде екенін атап өтті. 



Ұқсас жаңалықтар