ТҚК мен ИҚК бірге әскери жаттығу жасайды

Ирак Қарулы Күштеріне қарасты жасақтар ортақ әскери жаттығу үшін кешкі уақытта Түркияға келді.

814078
ТҚК мен ИҚК бірге әскери жаттығу жасайды

Түрік Қарулы Күштерінің 18 қыркүйекте Силопи қаласына қарасты Хабур аймағында бастаған әскери операциясының үшінші сатысына өтті.

Түрік Қарулы Күштері осы сатының кеше кешкі уақыттарда аймаққа жеткен Ирак Қарулы Күштеріне қарасты жасақтармен бірге өткізетінін жариялады.

Осы аяда Ирак Қарулы Күштеріне қарасты жасақтар ортақ әскери жаттығу үшін кешкі уақытта Түркияға келді.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Стамбулда жасаған мәлімдемесінде Хабур аймағындағы жаттығудың Ирак күштерімен бірге жүргізетінін жариялаған еді. 



Ұқсас жаңалықтар