ИКАӘ-нің референдумі Түркияға жасалған бір опасыз әрекет

Ердоған ИКАӘ-де өткізілген заңсыз референдумнің Түркияға жасалған бір опасыз әрекет болғанын айтты.

814451
ИКАӘ-нің референдумі Түркияға жасалған бір опасыз әрекет

Ердоған ИКАӘ-де өткізілген заңсыз референдумнің Түркияға жасалған бір опасыз әрекет болғанын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирак күрд аймақтық әкімшілігінде өткізілген заңсыз референдумнің Түркияға жасалған бір опасыз әрекет болғанын айтты.

Ердоған «Біз соңғы уақытқа дейін Ирак күрд аймақтық әкімшілігі лидері Месуд Барзанидің мұндай істейтінін ойламаған едік, демек біз қателесіппіз. Қарым-қатынастарымыздың тарихтағы ең керемет деңгейде болған бір кезеңде ешкіммен ақылдаспай жасалған бұл шешім елімізге жасалған опасыздық әрекеті болып табылады» деді.

Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің заңсыз сайлауының қазіргі Ирак атазаңына қайшы екенін де түсіндірген Ердоған Израиль тысында бұл әрекетті қолдаған ешбір ел және халықаралық ұйымның болмағанын айтты.

Ердоған «Солтүстік Ирактың сенім және тек жағынан өте түрлі-түсті бір жүйеге ие ортаның жалғыз бір топтың мұндай әрекет жасауы жаңа қақтығыс пен аянышты оқиғаның ишараты болудан басқы мағынасы жоқ» деді. 



Ұқсас жаңалықтар