Түркия ИКАӘ-нің заңсыз тәуелсіз референдумін танымайды

Түркия Ирак күрт аймақтық әкімшілігінің заңсыз тәуелсіз референдумін танымағанын білдірді.

813238
Түркия ИКАӘ-нің заңсыз тәуелсіз референдумін танымайды

Түркия Ирак күрт аймақтық әкімшілігінің заңсыз тәуелсіз референдумін танымағанын білдірді.

Сыртқы істер министрлігінен осы тақырыпқа байланысты жасалған мәлімдемесінде референдумнің нәтижелерінің күшіне ие емес екенін баяндап, «Әрі халықаралық құқық, әрі Ирак атазаңына қайшы болған бұл әрекетті танымаймыз» деген сөздер қолданды.

Мәлімдемеде «Референдум барысында ұлттық қауіпсіздігімізді нысанаға алған әрекеттерге және Иракта ұлттық қауіпсіздігімізге бағытталған әрқандай бір қауіпке қарсы барлық шараларымызды қолданатынымызды тағы бір мәрте қайталаймыз» делінді.  

Мәлімдемеде мына сөздерге орын берілді: «Ирак күрд аймақтық әкімшілігі лидерлерінің бұдан кейінгі процесте салмақты болуы және қысқа мерзімді мүдделердің орнына Ирак халқының ұзақ мерзімді мүдделерін ойлайтын бір саясат ұстанулары керек».

Енді бір жағынан Түркия Ирак күрд аймақтық әкімшілігіне саяхат жасау жөнінде ескерту жасады.

Сыртқы істер министрлігі «Ирактың Ирак күрд аймақтық әкімшілігі тысындағы провинциялары үшін бұдан бұрын жасалған саяхат ескертуінің Ирактың Ирак күрд аймақтық әкімшілігі бақылауындағы Дохук, Эрбиль және Сүлейманиені де қамтитын түрде кеңейтілуі мақұл көрілуде» деді. 



Ұқсас жаңалықтар