Мәжіліс кезектен тыс жиналады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Солтүстік Ирак және Сириядағы оқиғаларға байланысты кезектен тыс жиналады.

811929
Мәжіліс кезектен тыс жиналады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Солтүстік Ирак және Сириядағы оқиғаларға байланысты кезектен тыс жиналады.

Әділет және даму партиясының төраға орынбасары Мұстафа Елиташ Түркия Мәжілісінің Ирак және Сирия үшін 23 қыркүйек сенбі күні бас қосатынын хабарлады.

6-ші кезең үшінші заң шығару жылының ашылуына байланысты 1 қазан жексенбі күні жиналатын мәжіліс жұмысын ерте бастайды.

Мұстафа Елиташ Түркия мәжілісінің Ирак пен Сирияда әскери операция тақырыбында үкіметке берілген рұқсаттың созылуына байланысты Премьер-министрлік құжаты үшін сенбі күні сағат 16-да кезектен тыс жиналатынын білдірді.

Аталмыш құжат бұдан бұрын 2016 жылдың 2 қазан күнінен 2017 жылдың 30 қазан күніне дейін созылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар