Ердоған мен Трамп кездесті

Трамп «Президент Ердоғанды АҚШ-та қонақ қылу керемет» деп жазды.

811790
Ердоған мен Трамп кездесті

ТР президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркта президент Дональд Трамппен бас қосты.  Президенттік аппараттың лауазым иелері 50 минуттық кездесуден кейін «Кездесуде өңірлік проблемалардың шешілуі үшін ынтымақтастық арттыру және барлық террор ұйымдарымен күрестің табандылықпен жалғастырылуы тақырыптарында келісілді.  Екі басшы 25 қыркүйек күні Ирак күрд аймақтық әкімшілігі жоспарлаған референдумға қарсы екендерін білдіріп,  осындай қадамның маңызды қорытындылары болатынын атап көрсетті» деп айтты.  

АҚШ президенті Трамп болса әлеуметтік желіде жазды.  Трамп «Президент Ердоғанды АҚШ-та қонақ қылу керемет» деп жазды.

Ердоған мен Трамп кездесуден бұрын баспасөз өкілдерінің алдына шықты.  Ердоған осында «БҰҰ сессиясы үшін келген сапарымызда Америкада құрметті досым Дональдпен бүгін кездесу өткіземіз» деді. «Америка мен Түркия қарым-қатынастары,  әрі аймақтық оқиғалар, әлемнің басқа да тақырыптарын бірге қолға алу мүмкіндігіміз болады» деді ол.

Трамп болса «Досым президент Ердоғанды тану үлкен абырой және артықшылық.  Ол әлемнің қиын аймағында жұмыстануда.  Ашық айту керек болса, жақсы ұпай жинап жүр. АҚШ-пен бірге жұмыстанады.  Елдеріміз арасында керемет достық бар.  Менің ойымша қазір бұрын болмағандай жақынбыз және мұның көбі жеке адами қатынастарға байланысты деді.



Ұқсас жаңалықтар