Түркия барша бейуаз халыққа жәрдем беруде

Чавушоғлұ  Түркияның жәрдем беру жөнінде АҚШ-тан кейін екінші орынды иелегенін айтты.

809823
Түркия барша бейуаз халыққа жәрдем беруде

Чавушоғлұ  Түркияның жәрдем беру жөнінде АҚШ-тан кейін екінші орынды иелегенін айтты.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ  Түркияның 2016 жылы гуманитарлық жәрдем тақырыбында Америка Құрама Штаттарынан кейін екінші орынды иелегенін айтты.

Чавушоғлұ Біріккен Ұлттар Ұйымының Facebook бетінде тікелей эфирде жарияланған бағдарламада Түркияның гуманитарлық жәрдемдеріне байланысты мағлұмат берді.

Түркияның ұлттық кірісімен салыстырғанда жәрдем деңгейінің бірінші орынды иелегенін түсіндірген Чавушоғлұ Түркияның Карибтен Африкаға, сондай-ақ кішкентай арал мемлекеттерінен Азияға дейін жәрдемге мұқтаж болған барлық адамдарға жәрдем жеткізілгенін айтты.

Мьянма және Бангладеште де жер аударуға мәжбүр болған адамдарға Түркияның ұзақ уақыттан бері жәрдем еткенін баяндаған Чавушоғлұ «Қазір де Араканнан қашып Бангладешке паналаған босқындарға жәрдем берудеміз» деген сөздер қолданды. 



Ұқсас жаңалықтар