Ердоған Нью-Йоркта Столтенбергпен кездесті

Президент Ердоған Нью-Йоркта НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті

809517
Ердоған Нью-Йоркта Столтенбергпен кездесті

Президент Ердоған Нью-Йоркта НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ 72-ші Бас ассамблеясы сессиясына қатысу мақсатымен Нью-Йоркқа барды.  Бұл жерде Ердоған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті. Баспасөзге жабық өткізілген кездесу мөлшермен 40 минут жалғасты. Кездесудегі басты тақырыптың Ресеймен жасалған S-400 зымыран келісімі, Сирия мен Ирактағы оқиғалар болғаны білдірілуде.

Ердоған одан кейін Миннесота өкілдер мәжілісінің Сомали текті мүшесі Илхам Омарды қабылдады.

Еврей ұйымдарының өкілдерін де қабылдаған Президент Ердоған Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абадимен телефонда сөйлесті.

Президенттік қайнар көздерден алынған мағлұмат бойынша телефондағы сөйлесуде екі жақты қарым-қатынас және аймақтағы соңғы оқиғалар жөнінде пікір алмасты.

Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің ұйымдастыруға жоспарлаған референдумі де қолға алынған әңгімеде осы туралы қасарысудың аймақта дағдарыстың арттыратына себеп болатыны және Ирактың территория тұтастығының қорғалуы керектігі түсіндірілді.

Телефондағы әңгімеде ПКК және ДАИШ болып террормен күресу тақырыбы да қолға алынды. 


Этикеттер: #Нью-Йорк , #БҰҰ , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар