БҰҰ Түркияның ұсынысын қолдады

БҰҰ басқа елдерден де осындай қадам күтетіндерін білдірді.

801644
БҰҰ Түркияның ұсынысын қолдады

БҰҰ Түркияның Бангладешке «Ракхайндық мұсылмандар үшін шекараны аш, шығынын төлейміз» деген ұсынысын «батыл қадам» деп атады.

БҰҰ басқа елдерден де осындай қадам күтетіндерін білдірді.

Осы арада БҰҰ хабарламасында Ракхайннан қашқан мұсылмандардың Бангладеш шекарасына дейін шамамен үш күн бойы аш-сусыз жаяу жүріп баратыны айтылды.

Хабарламада: «Соңғы 11 күнде шабуылдардан қашып,  Бангладешке кірген мұсылмандардың 80 пайызы, яғни 100 мыңынан көбі әйелдер және балалар» деп айтылды.

ЮНИСЕФ те БҰҰ-ның Ракхайнның солтүстігінен қауіпсіздік себептеріне байланысты барлық қызметкерін әкеткендіктен Ракхайнда көмекке мұқтаж балаларға қолжетімділіктері жоқтығын білдірді.

Еуропа Одағы да аймақтағы барлық тараптарға келіспеушілікті азайту, халықаралық адам құқықтарына бағыну және азаматтарға күш қолданбау үшін шақыру тастады.

ЕО комиссиясының Гуманитарлық көмек және дағдарыс басқаруға жауапты мүшесі Кристос Стилианидес Мьянманың Ракхайн уәлаятында шамамен 350 мың адамның зәбір-жапа шеккенін, аймаққа гуманитарлық көмек жеткізу керектігін айтты.

Ол аймақтағы жағдайдың асқынбауы үшін көмек қызметкерлерінің жұмысын атқаруына рұқсат берілуі керектігін білдірді. Оның айтуы бойынша Еуропа Одағы да аймаққа көмек жеткізу үшін тараптармен байланыста отыр.

Стилианидес Бангладештің мұсылман азаматтарды қабылдағанына қуанғандарын білдіріп, аймақта жағдай түзелгенге дейін Бангладеш үкіметінің ракхайндық босқындарды қорғауға алуы керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар