Мьянма қырғынына барша әлем үнсіз қалуда

Ердоған Мьянма оқиғасын Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпы кеңесінде күн тәртіпке әкелетінін айтты.

800917
Мьянма қырғынына барша әлем үнсіз қалуда

Президент Режеп Тайып Ердоған Мьянма оқиғасын Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпы кеңесінде күн тәртіпке әкелетінін айтты.

Президент Ердоған Стамбул Чаталжада шәйіт жаназасына қатысқаннан кейін азаматтарға үндеу тастаған кезде Мьянмада Аракандық мұсылмандардың трагедиясына назар аударды. Ердоған «Барша әлем Мьянма қырғындарына үнсіз қалды» деді.

19 қыркүйек күні Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпы кеңесінде лидерлермен осы тақырыпты қолға алатындарын білдірген Ердоған Ислам ынтымақтастық ұйымы керекті төрағасы ретінде 20-ға тарта әлем лидерлерімен Мьянма мәселесін талқылайтындарын білдірді.

Ердоған «Мьянмада өкінішке орай үлкен қырғын жасалуда. Осындай аянышты қырғын болып жатқанда барша әлем қол қусырып үнсіз қалуда. Біз Түркия болып жәрдемдерімізді жеткізудеміз» деді.

Осы барыста Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавукшоғлұ Иран әріптесі Жевад Зарифпен телефон арқылы сөйлесті.

Екі министр телефондағы әңгімесінде Аракандағы қырғындарды қолға алды. 


Этикеттер: #Мьянма , #Стамбул , #Иран

Ұқсас жаңалықтар