Премьер-министр Бинали Йылдырым құттықтау жариялады.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Түркияның бірлік пен ынтымақтастығын нысанаға алған күштерге мемлекеттің жауап қайтаратынын атап айтты.

798647
Премьер-министр Бинали Йылдырым құттықтау жариялады.

Премьер-министр Бинали Йылдырым 30 тамыз Жеңіс күніне орай бір құттықтау жариялады.

Құттықтауында 30 тамыз Жеңіс мерекесін шын жүректен құттықтағанын атап көрсеткен Йылдырым «1922 жылы 30 тамыз күні ұлтазаттық соғысымызды жеңіспен аяқтадық. Бас қолбасшылық Майдан соғысы ұлтымыздың ең ауыр жағдайдың өзінде күрестен бастартпайтынын, отанын, байрағын және еркіндігін қорғайтынын бүкіл әлемге паш етті. Елімізді бөлшектегісі келгендер ұлтымыздың абыройлы қарсылығы алдында бейшараға айналды. 30 тамыз Жеңіс күнімен баршаны құттықтаймын. Ардагер Мұстафа Кемал Ататүрік басшылығында бұл жеңісті бізге сыйлаған барлық ұлтазаттық соғыс қаһармандарын, шәйіт пен ардагерлерді құрметпен еске аламын» деді.



Ұқсас жаңалықтар