Түркия 2 миллион кедейге жәрдем жеткізеді

Кынык Құрбан айтта нысаналарының 2 миллион кедей-кепшікке жәрдем жеткізу болғанын айтты.

796681
Түркия 2 миллион кедейге жәрдем жеткізеді

Кынык Құрбан айтта нысаналарының 2 миллион кедей-кепшікке жәрдем жеткізу болғанын айтты.

Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы төрағасы Керем Кынык Құрбан айтта нысаналарының 2 миллион кедей-кепшікке жәрдем жеткізу болғанын айтты.

Әр жылы Құрбан айттағы сияқты биыл да «Қызыл Жарты Ай құрбан үлгісі» арқылы өкілдік берілгендер атынан құрбан шалынатынын баяндаған Кынык Түрік Қызыл Жарты Айы үшін мейрамның бір орай екенін жеткізді.

Кынык алдымен қақтығыс ішінде болған және ашаршылық шеккен шетел географиясына көңіл бөлгенін білдіріп, Түрік Қызыл Жарты Айының гуманитарлық жәрдем жөнінде табысты болғанын және баршаның алғысына ие болғанын, сондай-ақ Түркияның мақтанышы болған бір қоғам екенін айтты.

Әрі гуманитарлық жәрдем, әрі медициналық көмектердің жыл бойынша жалғасқанын баяндаған Кынык «Осы аяда Сирия, Ирак және Сомали сынды елдерге көп жәрдем берудеміз. Соңғы екі жылда да құрғақшылыққа душар болған Шығыс Африка аймағы, Оңтүстік Судан және Йеменге де қол ұшын берудеміз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар