Премьер-министр Бинали Йылдырым Вьетнамда

Премьер-министр Вьетнамда әріптесі Нгуен Тан Зунг тарапынан мемлекеттік рәсіммен қарсы алынды.

794954
Премьер-министр Бинали Йылдырым Вьетнамда

Екі күнге жалғасатын сапары барысында Йылдырым алдымен әріптесі Нгуен Тан Зунгпен оңаша бас қосты.

Кездесудің артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізген басшылар екі мемлекет ынтымақтастығының 40 жылдығын тойлайтындарын атап көрсеткен Йылдырым 39 жылдың ішінде премьер-министр және президент деңгейіндегі өзара сапарлар ұйымдастырылмауын үлкен кемшілік екенін жеткізді.

Йылдырым «Вьетнам Таяу Шығыстың бұл аймағында соңғы жылдары аса маңызды өркендеу бастамасын жүзеге асырады. Түркия да Вьетнам сияқты өркендейтін динамикалық бір ел. Екі ел арасында өте ұқсастықтар бар. Тұрғын сандары бір-біріне жақын өсу процесі жоғары. 2020 жылына дейін екі жақты сауда көлемімізді 4 миллиард долларға жеткізе аламыз» деді.

Йылдырым Вьетнам премьер-министрі Нгуен Тан Зунгты Түркияға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар