Чавушоғлу мен әл-Сани ортақ баспасөз жиналысы өткізді

Катар сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед ибн-Абдуррахман әл-Сани Шығанақ дағдарысының бір күнде шешілмейтінін мәлімдеді.

770768
Чавушоғлу мен әл-Сани ортақ баспасөз жиналысы өткізді

Ресми сапар аясында Түркияға келген Катар Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед ибн-Абдуррахман әл-Сани Шығанақ елдері арасындағы дағдарыстың бір күнде шешіле алмайтынын атап айтты.

Анкарада әріптесі Мевлүт Чавушоғлумен ортақ баспасөз жиналысы өткізген қонақ министр әл-Сани «Катарға қолдауы себепті Түркия Республикасы президенттігі және Сыртқы істері министрлігіне алғысымды білдіремін» деді.

Еліне эмбарго жасаған елдердің шағымдары бар болса бұларды нақты дәлелдермен тілге тиек ету керек екеніне назар аударған әл-Сани «Бұл төрт мемлекет өздерін терроризмге қарсы күрес жүргізген елдер ретінде алға тартады. Катар да террормен күресіп жатыр. Бұл эмбарго арқылы өткен күндерге қарамастан алға тартқан өауесеттерді дәлелдейтін тиянақ ұсына алмай отыр. Катар жасампаз бір келіссөз негізінде және құрметпен дағдарыстың шешіміне қолдау береді» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса «Катар және бауырлас Катар халқына азық-түлік материалдарынан бастап, барлық қажетті материалдарды қамтамасыз ету үшін талпынамыз. Бірақ мұндай бір дағдарыстың санкциялармен емес, сөйлесіп, дипломатиялық келіссөз жүргізіп шешілетініне сенеміз. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның талпыныстарын қолдаймыз және бұл тақырыпта Катардың әу бастан саналы түрде қозғалуын мақтан тұтамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар