50 мың адам тұтқындалды

ТР Әділет министрлігі төңкеріс әрекетіне бағытталған тергеуге байланыс мәлімет жариялады.

770009
50 мың адам тұтқындалды

Әділет министрлігі Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін жүргізілген операциялар аясында 50 мың 510 адамның тұтқындалғанын білдірді.

ТР Әділет министрлігі төңкеріс әрекетіне бағытталған тергеуге байланысты мәлімет жариялады.

Осыған қарағанда 15 шілде тергеулері аясында 169 генерал, 7 мың 98 полковник және төменгі шен офицерлер, 8 мың 815 қауіпсіздік қызметкері, 24 әкім, 73 әкім орынбасары, 116 аудан әкімі мен 31 мың 784 басқа да күдікті,  барлығы 50 мың 510 адам тұтқындалды.

3 мың 46 әскери, 5 мың 24 полиция қызметкері, 9 әкім, 27 әкім орынбасары, 73 аудан әкімі,39 мың 41 басқа да күдікті, барлығы 48 мың 439 адам жөнінде тереу аясында криминалды бақылауға алуға шешім қабылданды.

Айырықша 10 мың 33 адам прокуратурадан, 33 мың 371 адам қауіпсіздік күштерінен, барлығы 43 мың 404 адам босатылды.

Осы арада қазір 152 әскери, 392 полиция қызметкері, 3 әкім орынбасары, 9 аудан әкімі, 7 мың 266 басқа күдікті, барлығы 8 мың 87 адам жөнінде ұстау үкімі бар.



Ұқсас жаңалықтар