Операцияда 11 террорист өлтірілді

Түрік Қарулы Күштері Мардин және Хаккари аймағына әуе операциясы жасады

768246
Операцияда 11 террорист өлтірілді

Түрік Қарулы Күштері Мардин және Хаккари аймағына әуе операциясы жасады. Операцияда 11 террорист өлтірілді.

Бас штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Мардиннің Даргечит ауданында шабуыл жасауға дайындалған бөлшектеуші террор ұйым мүшелері анықталды. Осыған орай Түрік әуе күштеріне тиесілі соғыс ұшақтары әуе операциясын жасады. Операцияда 8 террорист өлтірілді, 2 қорғаныс бекінісі күйретілді.

Енді бір жағынан шабуылға дайындық жасаған бөлшектеуші террор ұйымдарының орындары анықталды. Әуе күштері Хаккари аймағына операция жасады. Операцияда 3 террорист өлтірілді және террор ұйымдарының қару қоймалары бомбаланды. 



Ұқсас жаңалықтар