Еуропа парламент шешімін Түркия қабылдамайды

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа парламент шешіміне наразылық көрсетті.

766315
Еуропа парламент шешімін Түркия қабылдамайды

Еуропа парламентінің Түркиямен жасалып жатқан толық мүшелік келіссөздерін уақытша тоқтатқанына Президент Ердоған наразылық көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Германияның Гамбург қаласында 7-8 шілде күні ұйымдастырылатын Үлкен 20 тобы елдері саммитіне бара жатқанда ұшақта мәлімдеме жасады. Ердоған ұшақтағы мәлімдемесінде Еуропа парламентінің Түркиямен жасалып жатқан толық мүшелік келіссөздерін уақытша тоқтатуы шешіміне наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Еуропа парламентінде қабылданған Түркия шешіміне орай «Негізсіз пайымдаулар және жалаға негізделген шешімге онша көңіл бөлмейміз. Бұл шешімді біз қабылдамаймыз» делінді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Еуропа парламентінің Түркиямен жасалып жатқан толық мүшелік келіссөздерін уақытша тоқтату шешімі күшіне ие емес екенін айтты. 



Ұқсас жаңалықтар