Президент Ердоған неміс газетіне сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік азаматтарымен бас қосуға рұқсат бермеген Германияға наразылық көрсетті.

765578
Президент Ердоған неміс газетіне сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған Германияның сол елде түрік азаматтарына үн қатуына рұқсат бермеумен өзіне қол жұмсағанын атап айтты.

Президент Ердоған Германияның Гамбург қаласында 7-8 шілде күні ұйымдастырылатын Үлкен 20 тобы елдері саммиті алдында неміс «Die Zeit» газетіне маңызды мәлімдемелер жасады.

Үлкен 20 тобы елдері саммитінің артынан Германияда өмір сүрген түріктермен басқосуына болымсыз көзқарас білдірген Берлин әкімшілігіне наразылық көрсеткен Ердоған «Германия сол жердегі түріктерге үн қатуыма рұқсат бермеумен өзіне қол жұмсайды» деді.

Неміс медиасының Түркия мен өзіне қарсы жағынды акция жасағанын атап көрсеткен президент Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы жақтаушыларын ұстап бермеген сайын Германияны террористтерге қолдау берген бір ел ретінде қабылдайтындарын атап көрсетті.

«Германия канцлері Меркельмен мәселем жоқ» деген президент Германия және Түркияның бір-біріне мұқтаж екі ел екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар