Ердоған YPG туралы айқын көзқарас білдірді

Ердоған «Әрқандай бір қауіпке қарсы операция жасауға дайынбыз» деді.

765528
Ердоған YPG туралы айқын көзқарас білдірді

Ердоған «Әрқандай бір қауіпке қарсы операция жасауға дайынбыз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы жалғасы YPG  туралы айқын көзқарас білдірді.

Ердоған «Әрқандай бір қауіпке қарсы операция жасауға дайынбыз» деді.

France 24 теледидар каналының сұрақтарына жауап берген Президент Ердоған «Қазір әрқандай қауіп төнген жағдайда біздің әскеріміз операция жасауға дайын» деді.

Президент Америка Құрама Штаттары тарапынан YPG террор ұйымына берілген қару-жарақтардың жиналатынына сенудің мүмкін емес екенін де түсіндіріп, «Бізге осы қаруларды кейін қайтарып аламыз дейді. Бір-бірімізді алдатпайық» деген сөздер қолданды.  

Катар дағдарысына да тоқталған Президент Ердоған Түркияның осы елдегі әскери базаның жалғасып жалғаспайтыны жөніндегі бір сұраққа орай АҚШ пен Францияның да аймақта базалары болғанын еске салды.

            



Ұқсас жаңалықтар