Түркия Германияға нота берді

Түркия президентіне қарсы жасалған провокацияның артынан Германияға нота берілді.

764611
Түркия Германияға нота берді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға қарсы Германияда жасалған провокацияның артынан Германия сыртқы істер министрлігіне нота берілді.

Түркияның Берлин Өкілетті елшілігі Германиядағы Федералдық премьер-министрлік ғимараты алдында «Phlipp Ruch» (Филип Рач) атты өнерпаз тарапынан жасалған провокацияға наразылық көрсетіліп, неміс сыртқы істер министрлігіне жедел түрде нота жіберілді.

Германия Федералдық премьер-министрлік ғимараты алдында кеше бір подиум үстіне аялдаған көліктің алдына президент Режеп Тайып Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин және Сауд Арабиясы королі Селман ибн Абдүлазиздің суреттері салынған және «Бұл көлікті алғыңыз келе ме? Онда диктатураны өлтір!» деп жазылған плакат ілінді. Плакатпен байланысты Берлин Өкілетті елшілігі неміс сыртқы істер министрлігіне жедел хат жолдап, наразылық көрсетті.

«Саяси әсемдік орталығы» атты қоғам тарапынан жасалған бұл араңдатушылық жайлы өкілетті елшілік жасаған мәлімдемеде «2017 жылы 3 шілде күні Германия федеральді премьер-министрлік ғимараты алдында бір подиумға аялдаған көліктің алдына президент Режеп Тайып Ердоғанның да суреті болған және ‘Бұл көлікті алғыңыз келе ме? Онда диктатураны өлтір!’ жазылған плакат ілінді. Федеральды премьер-министрлік алдында және қауіпсіздік күштері тарапынан қорғалған мұндай өшпенді мазмұндағы әрекетке рұқсат берілуі түсніксіз және қабылданатын жағдай емес. Қоғамдардың бейбітшілік пен ортақ құндылықтарды қорғауға тиісті бір кезеңде жек көрушілік пен зорлық-зомбылықты ынталандыратын мұндай әрекеттердің бейбітшілікке үлес қоспайтыны ашық. Бұл аяда Берлин Өкілетті елшілігі ретінде неміс сыртқы істер министрлігіне жедел түрде нота жіберіліп, тақырыппен байланысты мазасыздығымыз жеткізілді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар