15 шілде шәйіттері Канаданың кейбір қалаларында еске алынады

15 шілде шәйіттері Канаданың Оттава, Торонто, Монреаль және Ванкувер қалаларында еске алынады.

764020
15 шілде шәйіттері Канаданың кейбір қалаларында еске алынады

Канаданың Оттава, Торонто, Монреаль және Ванкувер қалаларында 15 шілде шәйіттерін еске алу бағдарламасы ұйымдастырылады.

Түркияның Оттава Өкілетті елшісі Селчук Үнал іс-шаралардың төрт бөлек қаладағы дипломатиялық қызметтер тарапынан жүзеге асырылатынын атап көрсетті.

Өкілетті елші «15 шілде күні үшін жұмыстарымыз басталды. Оттава, Торонто, Монреаль және Ванкувердегі өкілеттіктеріміз сол күні еске алу бағдарламалары ұйымдастырады. Өкілеттіктеріміз тарапынан Анадолы агенттігіміздің 15 шілде күнін түсіндірген фотосурет көрмесі де ашылады» деді.

Үнал «Опасыз төңкеріс әрекетінде шәйіт болғандар үшін Дін істері басқармамызға қарасты дін қызметкерлері тарапынан қалаларда мәуліт пен Құран оқылып, дұғалар етіледі» деді.

Баршаға ашық өткізілетін іс-шараларда ағылшын тілде бағдарламаларда орын алады.



Ұқсас жаңалықтар