Түркия неміс саясат қайреткерін айыптады

Түркия президент Ердоғанды нысанаға алып мәлімдеме жасаған Еуропа парламенті бұрынғы басшысын айыптады.

761487
Түркия неміс саясат қайреткерін айыптады

Түркия неміс саясат қайраткерлерінің президент Режеп Тайып Ердоған жайлы мәлімдемелерінің қабылданбайтынын және өкінішті екенін мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігі 7-8 шілде күндерінде Гамбургте өткізілетін Үлкен 20 тобы елдері саммиті үшін Германияға баратын президент Ердоғанның осында түрік азаматтарына үн қату үшін ресми сұраныс жасалғанын еске салып, бір мәлімдеме жасалды.

Мәлімдемеде «Құрметті президентіміздің Үлкен 20 тобы елдері саммитіне орай Гамбург саяхаты аясында неміс мекемелері бір тараптан ‘азаматтарымен бас қосу үшін ресми сұраныс’ талап еткенде, басқа жақтан неміс саясат қайраткерлерінің мәлімдемелерінде ішкі саяси мүдделерге сүйенген өкінішті және қабылданбайтын мәлімдемелер жасайды.

Әсіресе Еуропа парламенті басшылығы міндетін атқарған бір тұлғаның (Социалистік демократия партиясының премьер-министр үміткері Мартин Шульц), жиналыс өткізу және еркіндіктерді шектеуге бағытталған ұстанымы бетпе-бет қалғанымыз еуропалық сананың нағыз көрінісі мен басқаларға сабақ беруге әрекет жасаушылардың қос стандартын тағы бір рет ортаға қояды. Бұл тұлғаның мәлімдемелерін қабылдамаймыз және айыптаймыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар