Президент құрлық күштерінің құрылу жылдығын құттықтады

Ердоған Түрік құрлық күштерінің бөлшектеуші террор ұйымымен күресте негізгі күш екенін білдірді.

760179
Президент құрлық күштерінің құрылу жылдығын құттықтады

Президент Ердоған Құрлық күштері қолбасшылығының бөлшектеуші террор ұйымына қарсы күресте негізгі күш екенін білдірді.

Ердоған Құрлық күштері қолбасшылығының құрылу жылдығына орай Құрлық күштері қолбасшысы армия генералы Салих Зеки Чолакқа құттықтау хаты жолдады.

Президент хатында «Құрылық күштері қолбасшылығымыз, ұлттық қауіпсіздігіміз бен ұлттық мүддемізді қорғауда ең ықпалды күшіміз» деді.

Режеп Тайып Ердоған хатында сондай-ақ «Құрлық күштері қолбасшылығымыздың отан сүйіспеншілігі мен жоғары қызмет ету ынтасы арқылы ұлттық және халықаралық деңгейде міндет пен жауапкерліктерін орындауда табысты болатынына кәміл сенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар