Ұлттық қорғаныс министрі күн тәртібін бағалады

Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык тікелей эфирде күн тәртіпке қатысты бағалау жасады.

758434
Ұлттық қорғаныс министрі күн тәртібін бағалады

Түркия мемлекеті бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы YPG-нің аймақтың бұзық баласы болуына рұқсат бермейді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык тікелей эфирде күн тәртіпке қатысты бағалау жасады.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) YPG-ге жасаған жәрдеммен байланысты мәлімдеме жасаған министр Ышык АҚШ-тың уәделерін қадағалайтындарын атап, АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен сәрсенбі күні кездесетінін білдірді.

АҚШ Түркияға жіберген хатында террор ұйымы YPG-ге берген қарулардың ДАИШ-ке қарсы қолданылатынын ДАИШ жеңілген соң бұл қарулардың жинақталатынын уәде етті, Түркияға бұл қарулардың кірмеуі үшін бір механизм құрғандарын YPG-ге берілген қарулар жайлы Түркияға ақпарат бөлісетіндерін атап көрсеткен болатын.

Шығанақ елдерінің Катардан 13 баптан тұратын сұраныс тізіміне қатысты сұрақтарға жауап қайтарған Ышык «Мен осындай сұраныс тізімін әлі көрген жоқпын. Мұндай бір сұраныс болса бұл әрине екі ел ынтымақтастығына араласу деген мағынаға келуі мүмкін. Түркияның Катардағы әскери базасы әрі Катардың, әрі аймақтың қауіпсіздігі үшін маңызды бір база болып табылады. Аймақтың қауіпсіздігі де біз үшін аса маңызды» деді.

Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Мысыр дипломатиялық дағдарыс туғызғандары Катарға 13 баптан тұратын бір тізім жіберді. Талаптардың бірі Түркияның Катардағы әскери базасын жабу.



Ұқсас жаңалықтар