Бір аптада 53 террорист ықпалсыз жағдайға келтірілді

Операцияларда көптеген қару-жарақ және оқ-дәрі мен жарылғыш табылды.

758288
Бір аптада 53 террорист ықпалсыз жағдайға келтірілді

Бір аптада 53 террорист ықпалсыз жағдайға келтірілді.

Шырнак,  Хаккари,  Диярбакыр, Бингөл, Елазыг және Сииртте жүргізілген әскери операцияларда ықпалсыз жағдайға келтірілген террористтердің үшеуі басшылық міндетінде орын алғандар.

Операцияларда көптеген қару-жарақ және оқ-дәрі мен жарылғыш табылды. Террористтер қолданған 58 баспана, үңгір және қойма қолданылмайтын жағдайға келтірілді.

Террористтік ұйымның ең маңызды қаржы көзі болып табылатын есірткі өндірісі, заңсыз саудасына бағытталған операциялар нәтижесінде көп мөлшерде есірткі қолға түсті. 7400 литр жағармай мен 34 мың 480 пакет темекі тәркіленді.

Шекарадан заңсыз түрде өтуге тырысқан 7851 адам ұсталды.

Сонымен қатар Ирактың солтүстігінде Нирва Сейту тауының батысында 4 бөлмелі, ұзындығы 35 метр, қазбасы аяқталмаған 4 дәлізден тұратын бір үңгір анықталды.  Осы үңгірде туннель қазу үшін екі электрлі жихаз, генератор және жарылғыг жүйесі табылды.

Соңғы жылдардың ең үлкен соққысын алған және маңызды басшыларынан айрылып,  қатарына террорист қосылмаған экстремистік ұйым PKK соңғы айларда әлсіреді.

Сирияның солтүстігінде болып жатқан операциясы аясында да Азез және Джераблус арасындағы 243 елді мекен мен 2015 шаршы километрлік алаң бақылауға алынды. Әл-Баб аудан орталығымен қоса Каббасин және Бзадах аймақтарында жарылғыш және мина іздеу-тазалау жұмыстары жүргізілді.



Ұқсас жаңалықтар