Сыртқы істер министрінің Жапония сапары басталды

Министр түрік іскерлермен бас қосып, олардың көзқарастарын тыңдады.

756774
Сыртқы істер министрінің Жапония сапары басталды

Түркиядан Жапонияға Сыртқы істер министрі деңгейінде 14 жылдан кейін бірінші рет сапар ұйымдастырылды.

Министр Мевлүт Чавушоғлуның 3 күндік сапарында Түркия мен Жапония жан-жақты қолға алынуда.

Сыртқы істер министрі сапарының алғашқы бөлімін бизнес әлеміне бөлді. Министр түрік іскерлермен бас қосып, олардың көзқарастарын тыңдады.

Чавушоғлу артынан жапон іскерлермен кездесті. Түрік экономикасындағы соңғы жаңалықтармен бөліскен министр іскерлерді инвестиция салуға шақырды.

Министр сапарының саяси бөлімінде жапон әріптесі Фумио Кисидамен кездеседі және артынан делегация аралық кездесу өткізеді.

Министр Чавушоғлуны Жапония премьер-министр Синдзо Абэ қабылдайды.

Жапониядағы түрік қоғамының өкілдерімен де кездесетін министр Юнус Эмре Институты және Түркия салған Токио мешітіне барады.



Ұқсас жаңалықтар