"Түркия Шығанақтағы барлық бауырларымыздың екінші үйі"

Президент Ердоған Стамбұлда Түркия экспортшылар мәділісі Жалпы кеңес жиналысына қатысты.

755001
"Түркия Шығанақтағы барлық бауырларымыздың екінші үйі"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Шығанақтағы барлық бауырларының екінші үйі екенін атап айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбұлда Түркия экспортшылар мәділісі Жалпы кеңесінде жасаған баяндамада Катар мен араб елдері арасындағы дағдарысқа тоқталып, Түркияның бұл тақырыпта әубастан әділ бір ұстаным ортаға қоюға тырсқандарын атап түсіндірді.

Катарға бағытталған айыптаулардың орынсыз екенін, бұл айыптауларға сүйеніп іске қосылған эмбарголарды жақтамағандарын ашық түрде айтқандарын білдірген Ердоған «Шығанақтағы бауырларымыздың өзара одан мықты бір ынтымақтастық орнату керектігін баса айттық. Бір жақтан өзім, басқа жақтан премьер-министр мен сыртқы ітер министріміз сол жерлерге барып тығыз байланыстар жүргізуге тырыстық. Дағдарысты шешу үшін тақырыппен тікелей және жанамалы түрде байланысы бар екенін ойлаған баршамен сөйлестік. Келіссөздеріміз жалғасуда» деді.

Президент Ердоған әсіресе Сауд Арабиясының Шығанақтағы бұл дағдарыстың ашқышы сияқты екенін атап «Бұл кезеңді жылдамдықпен шешуге күші бар екеніне сенімдімін» деді.



Ұқсас жаңалықтар