Ердоған Португалия RTP каналына сұхбат берді

Ердоған АҚШ-тың террор ұйымдарына қарулар бергенін айтты.

754152
Ердоған Португалия RTP каналына сұхбат берді

Ердоған АҚШ-тың террор ұйымдарына қарулар бергенін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Сирияның Ракка қаласын террор ұйымы ДАИШ-тен құтқару үшін басқа бір террор ұйымы YPG-мен ынтымақтастық жасауына тағы бір рет наразылық көрсетті.

Президент Ердоған Португалия RTP каналына сұхбат берді.

АҚШ әскерлерінің террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы жалғасы YPG-мен бірге әрекет жасағанын түсіндірген Ердоған АҚШ-тың осы террор ұйымына қарулар бергенін айтты.

Ердоған өткен айдағы сапарында Президент Дональд Трампке жасаған ескертулеріне қарамастан АҚШ-тың Ракка операциясын PYD және PKK-мен берге жасағанын атап өтті.

Ердоған «Егер елімізге тиісетін болса, онда біз ешкіммен де ақылдаспаймыз, кеңеспейміз және шара қолданамыз» деген сөздер қолданды.  

Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастарына да тоқталған Президент Ердоған Түркияның 54 жылдан бері Еуропа Одағы қақпасында күткенін, сондай-ақ толық мүшелікке қабылданбағанын білдірді.

Президент Ердоған Сирия дағдарысын шешу жөнінде Түркия-Ресей-Иран ретінде үштік механизмнің жалғасты жұмыс істеп жатқанын және АҚШ пен Сауд Арабиясының да осы процеске қосылуын үміт еткенін айтты.

Катар мен кейбір араб елдері арасындағы дағдарысқа да тоқталған Ердоған «Катарға жасалған шаралар дұрыс емес» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар