Чавушоғлұ мен Зейбекчи Катарға барды

Мәвлүт Чавушоғлұ мен Нихат Зейбекчи ресми сапармен Катарға барды.

752965
Чавушоғлұ мен Зейбекчи Катарға барды

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ мен Экономика министрі Нихат Зейбекчи ресми сапармен Катарға барды.

Катарда Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Катар Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед бин Абдуррахман Әл-Санимен, Ал Экономика министрі Нихат Зейбекчи болса,   Катар экономика және сауда  министрі Шейх Ахмед бин Жассим Әл-Санимен кездесті.      

Мәвлүт Чавушоғлұ Катармен селбесу ішінде екендерін және осы елмен басқа кейбір  Шығанақ  ынтымақтастық кеңесі елдері арасындағы мәселелерге шешім табу үшін келгенін айтты.

Чавушоғлұ Катар мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың өте жақсы деңгейде болғанын баяндады.    

Сыртқы істер министрі «Катар бауырлас бір ел және катарлықтар біздің бауырымыз. Президент Режеп Тайып Ердоған мен Катар Әмірі Шейх Тамин бин Хамад Әл-Сани арасындағы достық байланысы да өте күшті. Қазір бір дағдарыс бар. Түркия және Ердоған осы мәселені шешу үшін қолынан келгенін істеуде. Осы себепті біз  сапарлай келдік» деді.   



Ұқсас жаңалықтар