Катар дағдарысын шешу үшін Ердоған атсалысуда

Ердоған Катар дағдарысын шешу үшін бастаған дипломатиялық ізденістері кеше де жалғасты.

747184
Катар дағдарысын шешу үшін Ердоған атсалысуда

Президент Режеп Тайып Ердоған Араб түбегінде Катар туралы болған дағдарысты шешу үшін бастаған дипломатиялық ізденістері кеше де жалғасты.        Президенттік қайнар көздерден алынған мағлұмат бойынша Президент Ердоған осы аяда Франция Президенті Эммануэль Макрон, Индонезия Президенті Джоко Видодо, Бахрейн королы Хамад бин Иса Әл-Халифа, Иордания королы II.Абдуллах, Ливан Премьер-министрі Саад Харири және Малайзия Премьер-министрі Нежип Абдүрреззакпен телефон арқылы сөйлесті.

Ердоған телефондағы сөйлесуінде аймақтағы мәселелердің диалог және дипломатия жолдармен шешу керектігін түсіндірді және дағдарысты шешу үшін Түркияның қолынан келгенін істейтінін айтты.

Президент Ердоған Катар тақырыбындағы оқиғаларға байланысты Катар Әмірі Шейх Әл-Сани, Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин, Кувейт Әмірі Шейх Әл-Сабах және Сауд Арабия королы Селман бин Абдулазиз Әл-Саудпен телефонда сөйлесті.


Этикеттер: #Катар , #Ресей , #Франция

Ұқсас жаңалықтар