Түркия Ұлыбританияның қасында

Йылдырым Ұлыбритания халқына көңіл айтты.

745557
Түркия Ұлыбританияның қасында

Премьер-министр Бинали Йылдырым Ұлыбританияның астанасы Лондондағы лаңкестік шабуылдарға байланысты Түркияның дос және одақтас ел ретіне Ұлыбританияның қасында екенін тағы бір мәрте атап өтті.

Премьер-министр Йылдырым Твитт арқылы жасаған мәлімдемесінде Лондондағы террор шабуылында 7 адамның қаза тапқанын, 48 адамның жараланғанын баяндап, осы қайғыларды бөліскенін білдірді.

Түркия мен түрік халқының террор шабуылдарына талай рет душар болғанын, сондықтанда Ұлыбританияның қайғысын қатты сезінгенін түсіндірген Йылдырым «Опасыз террор шабуылдарына қарсы күресуде ынтымақтастықтың өте маңызды болғаны тағы бір рет дәлелденді. Түркия ретінде дос және одақтас Ұлыбританиямен толық селбесуде болғанымызды айтқым келеді. Ұлыбритания халқына ұлтым және өз атымнан көңіл айтамын» деген сөздер қолданды. 



Ұқсас жаңалықтар