Катар дағдарысына мәлімдеме келді

7 елдің Катармен дипломатиялық байланысын тоқтатуына үкіметтен реакция келді.

746009
Катар дағдарысына мәлімдеме келді

7 елдің Катармен дипломатиялық байланысын тоқтатуына үкіметтен реакция келді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу осы көріністің адамды қинайтынын айтты.

Ресми сапармен Анкараға келген Германия Сыртқы істер министрі Габриэльмен баспасөз мәслихатында осы тақырыпқа тоқталған Чавушоғлу: «Не де болса диалогтың жалғасуы керек. Проблемаларды бейбіт жолмен шешу қажет.  Біз қатты қиналдық. Жағдайдың қалыпқа енуі үшін қолымыздан келгенді аямаймыз» деді.

Сауд Арабиясы және Бахрейн таңертең Катармен дипломатиялық қатынасты доғарғандарын хабарлаған еді.

Осы екі ел Катарды «терроризмге қолдау берді» деп айыптады.  Аталмыш елдерге артынан Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Йемен,  Ливия және Мальдив қосылды.



Ұқсас жаңалықтар