Соңғы бір аптаның ішінде 92 террорист өлтірілді

Бас Штаб Басқармасы ел көлемі мен шекарадан тыс операцияларды бағалады.

744472
Соңғы бір аптаның ішінде 92 террорист өлтірілді

Түрік қарулы күштерінің соңғы бір аптадағы операцияларында 92 террорист өлтірілді.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеде ел көлемінде және Сирияның солтүстігінде террор ұйымдарына қарсы жүргізілген күрес жайлы мағлұмат бөлісті.

Операциялар барысында Шырнак, Хаккари, Диярбакыр, Бингөл, Элазығ, Эрзурум, Ардахан, Хатай, Османийе және Газиантеп қалаларында жасалған операцияларда 92 террорист өлтірілді.

Көптеген оқ-дәрі қолға түсірілген операцияларда террористтер тарапынан қолданылған 55 баспана, үңгір және қойма табылып, жойылды.

Ықпалды шекара бақылаулары нәтижесінде шекарадан заңсыз жолмен өтуге тырысқан 8 мың 138 адам ұсталды.

Соңғы бір аптадағы операциялар кезінде Шырнактағы тікұшақ апатында шәйіт болған 13 әскермен барлығы 23 әскер шәйіт болды, 11 әскер жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар